Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескерту және күресу жөнінде өңірлік іс-қимыл бойынша жүргізілген іс-шаралар » М.Маметова атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескерту және күресу жөнінде өңірлік іс-қимыл бойынша жүргізілген іс-шаралар
23
июнь
2021

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескерту және күресу жөнінде өңірлік іс-қимыл бойынша жүргізілген іс-шаралар

«Қарасай ауданы білім бөлімі»ММ
«М.Мәметова атындағы орта мектебі»КММ

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ескерту және күресу жөнінде өңірлік іс-қимыл бойынша жүргізілген іс-шаралар мәліметі. (2020-2021 оқу жылы)
М.Мәметова атындағы орта мектебінде мектеп психологтарымен, әлеуметтік педагогтарымен, медициналық қызметкерлерімен және мектеп инспекторларының жұмысын ұйымдастыру негізінде зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары оқу жылының басында құрылып, бекітілді. Жазғы лагерьлерде, маусым-тамыз айыларында қауіпсіз мінез-құлық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу қағидалары бойынша балаларға арналған психологиялық және ойын тренингтері ұйымдастырылып, өткізілді.
Сексуалды зорлықтың құрбандары болғандарды анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында анонимді сауалнама жүргізілді, сонымен қатар мектепте сенім жәшігі, сенім телефоны орнатылып, ата-аналар мен оқушыларға таратылып, қадағалауға алынды. Сауалнама мен сенім телефонына келген хабарламалар нәтижесінде сексуалды зорлықтың құрбандары анықталмады.
М.Мәметова атындағы орта мектебінде қашықтықтан 13 қазан күні «Бақытты балалық шақ» атты тақырыбы бойынша 5- 7 сыныптар арасында челлендждер өтті. Балалар челлендждерін өлең, сурет, эссе жазу арқылы жолдады. 6 «Ж» сынып жетекшісі А.Нұржан мен 6 «Г» сынып жетекшілері Г.Құрымбаева оқушылардың өткізген челлендждерін жолдады.





Мектебімізде 2020 жылы 12-22 қараша аралығында «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық ақпараттық науқан қашықтықтан жоғары деңгейде өткізілді. Педагог – психологтар қашықтықтан сенім телефондарына, электронды пошталарына тұрақты түрде бақылау жасап отырды. 09 – 20 қараша арасында «Зорлық – зомбылық, қатыгездік және бопсалаудың алдын алу» жасөспірімдер арасында онлайн режимде жиналыс өткізілді. «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. 11-13 қараша «Біз бақытты баламыз» тақырыбында бейнероликтер жасалды. 16 қараша «Мектеп – қатыгездік пен зорлық – зомбылықтан азат аумақ» тақырыбында онлайн – конференция ұйымдастырылды. 17 қараша «Біз әлемді қолдаймыз, балалықты қорғаймыз!» тақырыбында бастауыш сыныптарда онлайн сынып сағаты өткізілді. 18 қараша жоғары сыныптар арасында «Біз өз проблемаларымыз туралы» атты сынып сағаттары онлайн форматта өткізілді. 09-20 қараша кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша кешкілік рейдтер жүргізілді. 22 қараша күні «Отбасында зорлық – зомбылыққа жол жоқ!» атты тақырыбында онлайн форматта ата-аналар арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.Дүйсенгалиева мен Б.Бтимова отбасындағы болатын зорлық – зомбылық туралы айтып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға жадынамалар жіберілді.




Мектеп директоры Г.Бегазова



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив