25
January
2022
«Тұңғыш The president» және «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі
М.Маметова атындағы мектепте 30 қараша күні «Тұңғыш The president» және «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесін мектеп кітапханашысы О.Байсартова ұйымдастырды. Кітап көрмесінде «Қазақстан жолы», «Тұңғыш The president», «Н.Назарбаевтің томдары», «Мәңгі жүрегімде», «Менің балалық шағым» атты кітаптармен бірге қанатты сөздер елбасының өмірі мен оның тарихи еңбектері, ол туралы жазылған әдебиеттер мен фото суреттер қойылды. Бастауыш 2-4 сыныптарға Елбасының қоғамдағы орны туралы ,Тәуелсіздігіміздің жетістіктері туралы О.Байсартова түсіндіру арқылы оқушылардың танымдық дамуы қалыптастырды. Оқушылар елбасының балалық шағы туралы қызығушылық танытып,сұрақтар қойып,ой бөлісті.Сонымен қатар, кітапханаға жиі келіп кітап оқуға шақырды







