09
November
2017
«Ақылшым, досым, Ұстазым» атты ұстаздар күніне арналған іс – шара есебі
06.10.2017 жыл мектебімізде ұстаздар күні аталып өтті. Мерекеге өзін -өзі басқару ұйымы белсене қатысып, ұстаздарға арналған мерекелік газеттер шығарды. Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, құттықтауларын айтты! Мектеп директоры Г.Рахымбаева мен кәсіподақ төрайымы М.Устенова мектебіміздің ұстаздарына жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, жан-жақты
тұлға қалыптастырудағы табыстары үшін құрмет грамоталарын тапсырды.
Ұстаздар күніне орай Іргелі аулыдық округі атынан Апсаматов Ө.А сөз кезегін алып, құттықтау лебізін жеткізді. Ауылдық әкімшілік атынан да мұғалімдерімізге мақтау қағаздарын табыстады.




