22
февраль
2022
Жас маман,музыка пәнінің мұғалімі Дәурен Байдарбековтың ашық сабағы
Жас маман,музыка пәнінің мұғалімі Дәурен Байдарбеков 22.02 күні 1 "А" сыныбымен "Салт-дәстүр, балалар әні - бесік жыры" атты тақырыпта ашық сабағын өткізді. Сабақ балаларға қазақтың салт - дәстүрін бойларына сіңірулеріне себепші сабақтың бірі болды. Сабақ барысында көрнекілік ретінде қазақтың қасиетті бесігін балар назарына ұсына отырып, оның пайдасы жайлы балаларға ақпараттар берілді. Сабақ барысында "Айна","Әуенді өрімдер","Басбармақ" әдістері қолданылды.Сабақ өз мақсатына жетті. Балалар сабаққа белсене қатысып, мұғалімнің барлық тапсырмаларын мұқият орындады.



