26
январь
2022
«Тәуелсіздік елімнің тірегі» Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара
Мектебімізде 2021 жылы 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік елімнің тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мектебіміздің талантты, өнерлі оқушылары өнер көрсетіп, ән, би, күй тартып, ұстаздарды тәнті етті. Мерекелік іс-шара барысында желтоқсанға қатысқан Маулимова Сұлушаш Иманкуловна, Пазылбеков Бақытжан ардагер ұстаздарымызға мектебіміздің кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар және мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мектебімізге аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға және тазалыққа жауап беріп жүрген апайларға мадақтама табысталды. 











