16
февраль
2022
"Білімді жас-білікті маман" апталығының аясында өткен ашық сабақ
"Білімді жас-білікті маман" апталығының аясында 16.02 күні жас маман орыс тілі пәнінің мұғалімі Кемербаева Айнұр Ербақытқызы 1 "А" сынып оқушыларымен "Отправляемся в путешествие" атты тақырыпта өзінің ашық сабағын өткізді. Оқушылар әр түрлі ойын тапсырмаларын орындай отырып, транспорт түрлерімен ғана танысып қоймай, сонымен қатар "Ч" әріпімен танысып, қоржындарын тағы бір әріппен толтырды. Балалар сабаққа белсене қатысты,сабақ өз мақсаттына жетті. Тапсырмалар балалардың деңгейіне сәйкес жасалып, тақырып толығымен ашылды.



