25
сентябрь
2021
Сенбілік мектеп Калиева Н. және директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарының №472 бұйрықпен таныстыруы
Кезекті жас мамандарға арналған сенбілік мектепте директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары мен Калиева Н. жас мамандарға күн тәртібінде тұрған №472 бұйрықпен таныстыру жұмыстарын жүргізді.Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығына 1-қосымша негізінде күнтізбелік жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жазу үлгісі көрсетіліп , түсіндірме жұмыстары жүргізілді. № 472 бұйрығы 1-қосымшасын негізге ала отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарына енгізілген өзгерістер презентация түрінде ашып көрсетіліп, түсінік берілді. Сонымен қатар № 472 бұйрығына 1-қосымшасын негізге ала отырып, аздаған өзгертулерге тоқтала келіп, 130 бұйрықпен жасалып жүрген сабақ жоспарынан қатты өзгеріске ұшырамаған, тек өзін өзі тексеру, өткен білімді еске түсіру, бекіту деген қосымша сөздері қосылғанында нақтылап айтып өтті. Жас мамандарға түсіндірілген № 472 бұйрығына 1-қосымша негізінде күнтізбелік жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жазу үлгісі түсінікті болды. Жас мамандар айтылған өзгерістерді басшылыққа алатындарын айтып өтті.



