22
февраль
2022
Тәлімгерлер Сүйіндікова Салтанат және Аян Айдарованың ашық сабағы
22.02.2022 күні эстетикалық пәндер бірлестігінің тәлімгерлері Сүйіндікова Салтанат және Аян Айдарова жас мамандарға "Құрақ құрау технологиясы" атты тақырыпта ықшам сабақ өткізді. Сабақ барысында құрақ құрау технологиясы туралы бейнежазба көрсетілді. Бейнежазба негізінде жас мамандар 3 топқа бөліне отырып, "мозайка" әдісі арқылы түрлі фигураларды қолданып, құрақтың 3 түрі бойынша қағаздан плакат бетіне құрақ құрап, әр топ өз құрақтары бойынша ақпарат көздерімен жұмыс істей отырып, өз құрақтарын қорғап, қызықты факттермен бөлісті. Сонымен қатар сабақ барысында жас мамандарға "қарындаш", "қар кесегі"және "бейнеңді сал" әдістерін көрсетті.Ықшам сабақ жоғары деңгейде өтті.Жас мамандар сабаққа белсене қатысты. Сабақ өз мақсатына жетті.



