“PISA” халықаралық зерттеуіне дайындық. » М.Маметова атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “PISA” халықаралық зерттеуіне дайындық.
27
январь
2022

“PISA” халықаралық зерттеуіне дайындық.

PISA зерттеуі (Programme for International Student Assessment) – Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы ЭЫДҰ (OECD – Organisation for Economic Co-operation and Development) жүзеге асыратын бағдарлама. PISA зерттеуінің мақсаты – әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерін алып саралау болса, негізгі міндеті – білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде объективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру, ал оқушылардың функционалдық сауаттылығы дегеніміз – әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына ілесе отырып, үнемі білімін жетілдіруі.
Мектебімізде 27.01.2022 жылдан бастап мектепішілік бұйрық шығарылып, «PISA – 2018 халықаралық зерттеуіне» дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Зерттеуге қажетті компьютер кабинеттер дайындалып, сабақ кестесі құрылып, 15 жастағы 168 қатысқалы жатқан оқушыларды 6 топқа біріктірілді. «PISA Халықаралық зерттеу бағдарлама 2021-2022 оқу жылы» атты тақырыптық стендті безендірілді. Математика, жаратылыстану, химия, биология, физика, қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдері зерттеуге байланысты курс, семинарларға белсенді қатысып, тәжірибе жинақтады. Мектеп әкімшілігі 15 жастағы оқушылардың ата-аналарымен кездесулер өткізіп, балаларының халықаралық зерттеуге қатысып, мектепте алған білімдерін келешек өмірде қалай қолдана алатындықтарын, өздерінің функционалдық сауаттылықтарының қандай деңгейде екенін көрсететіндерін түсіндірді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив