19
март
2022
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы!
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз! демекші, Ұлыстың ұлы күні әз Наурыздың келуіне орай,19 наурыз күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округ әкімділігінің ұйымдасыруыменен, Кемертоған орта мектебі мен Л.Н.Толстой атындағы орта мектебіменен бірлесе отырып, М.Маметова орта мектебінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шара барысында, әр мектеп өз ақ киіз үйлерін құрып, ұлттық әз-мәзірлерін дайындады. Дастарқанның басты асы жеті түрлі тағамнан жасалған наурыз көже болды. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп баталарын берді. Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізілді. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Оқушылар арасында сайыстар ұйымдастарылып, мерекелік әндер мен түрлі ұлт билерін орындады.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.