17
май
2022
Серіктес мектептер арасында өткізілген Lesson Study зерттеу сабағы
"Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"ММ "М.Мәметова атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде серіктес мектептер және жетекші мектеп арасында бірлескен семинар ұйымдастырылды. "Оқу және оқыту үдерісінде сабақты зерттеуді жүргізу арқылы мен жетістікке қалай жеттім" атты тақырыпта ұйымдастырылған көктемгі Lesson Study сессиясына Кемертоған, Л.Толстой,А.Макаренко, Алмалыбақ және М.Маметова орта мектебтерінен 15- ке жуық ұстаздармен, Қарасай ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Айнұр Нұрқазықызы және серіктес мектептер жетекшісі Жанар Болатовна қатысты.
Іс-әрекетті зерттеудің мақсаты: Lesson Study жүргізу арқылы сыныптағы оқушылардың ынтасының артуына ықпал ету.
Lesson Study міндеттері:Lesson Study үдерісін жүргізу арқылы оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру; Оқушылардың өздігінен ізденуге ынталанады, шығармашылық қабілеті шыңдалады. Ұжымдасып, топтасып жұмыс жасаудың нәтижелі болатындығын түсінеді, топта бірін-бірі бағалайды. Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады. Мұғалімдердің оқыту тәжірибесіне өзгерістер енгізу арқылы іс- тәжірибесін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер Lesson Study үдерісін, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы екенін біледі;
Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінеді; Мұғалім әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесіне өзгерістер енгізеді;
Жалпы Lesson Study дегенімізге тоқталып өтетін болсақ, Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson study-дің басты мақсаты - оқушыларға білім алуға көмектесу, топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету және олардың оқыту әдістемесін жетілдіру. Қазіргі кезде мектепте Lesson Study сабақты зерттеу үдерісін енгізу білім берудің сапасын жақсартудағы заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттіліктердің бірі боп саналады.
Бірге жиналу –бұл бастама,
Бірге қалу –бұл алға жылжу,
Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік.
Генри Форд
Бірге қалу –бұл алға жылжу,
Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік.
Генри Форд
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, мектебімізде Lesson Study үдерісін өз алғашқы зерттеуін ұйымдастырды. Зерттеу нысаны ретінде орта буындағы білім сапасын төмен көрсетіп отырған 7«Г» сыныбы таңдалып алынды. Оған себеп - педогогикалық кеңесте айтылғандай, І-тоқсанның қорытындысы , 7«Г» сыныбы 38 % білім сапасын көрсеткен еді. Осы проблемалық жағдайларды негізге ала отырып, мектебімізде Lesson Study зерттеуі жүргізіліп басталды.
Семинар барысында Lesson Study зерттеу үдерісі бойынша Алмалыбақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тлеубердиева Асель Арыпқановеа "Түс көру" атты және География пәнінің мұғалімі Қыдырбаева Баян Кеншимбаевна "Елдердің экономикалық-географиялық жағдайы" атты тақырыпта ашық сабақтар өткізді.












Сабақ барысында А,В,С деңгейіндегі оқушылардың іс-әрекетін мұғалімдерден құралған бақылаушы топ бақылады. Сабақтан кейінгі А,В,С оқушыларының пікіріне сүйенсек, сабақта С оқушысына сабақ түсінікті, қызықты өткеннін айтып өтті. Сабақ барысында А,В,С деңгейіндегі оқушылар жоғары белсенділік танытып, білім деңгейлерін көрсете білді.Lesson Study барысында бірнеше қиындықтар мен кедергілер кездесті.
1. Зерттелген сыныптың зерттеуші топ мұғалімдеріне оқыту әдістемесін оқуына , тапсырмаларды жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне назар аударуына тура келді.
2. Уақыт тиімді пайдаланылмады.
3. Өзіндік жұмыстарды оқушылардың өзіне көптеп жасату
Lesson Study жүргізудің сәтті тұстары да болды.
1.Зерттеуші тобымен, серіктес мектептермен бірлесіп, ынтымақтаса , пікір алмасаотырып жұмыс жасау тиімді екеніне көз жеткізді.
2. Lesson Study әдісі көптеген мектептерде жүргізілуде, мұғалімдерің іс-тәжірибесіне (жас мамандардың) оң өзгерістер әкелді.