«Зорлық-зомбылық әлімжеттіктің алдын -алу бойынша оқушыларға кеңес » М.Маметова атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Зорлық-зомбылық әлімжеттіктің алдын -алу бойынша оқушыларға кеңес
22
ноябрь
2020

«Зорлық-зомбылық әлімжеттіктің алдын -алу бойынша оқушыларға кеңес

Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Балалар болашақта қандай азамат болуың мектепте, отбасында, қоршаған ортада алған тәрбиелеріне байланысты. Балалар да, ересектер сияқты сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.


Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек? 
Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.
Егер саған тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.
Қауіп-қатерді азайту, зейінді болу, сақтық шараларын сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрену керек, ондай жағдайларды сендер дала немесе үйде де кездестірулерің мүмкін.
Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
Бөтен біреудің машинасына отырмау керек.
Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүру.



Әлімжеттік буллинг дегеніміз не?

Әлсіз баланы қорқыту, ұрып-соғу, бопсалау т б.
Әлімжеттікте үш түрлі қатысушы адам болады:
-Жәбір көруші,
-Әлімжеттік көрсетуші,
-Куәгер
 
Егер әлімжеттіктің құрбаны болсаң не істеуің керек?
Ешқашан біреуден қысым көріп жүргеніңді жасырма. Көмек сұра: психологтан, ата-анаңнан мұғалімнен. Өзіңді ешқашан кіналама. Әлімжеттік жасаған адамды ақтама! Өзің басқаларға әлімжеттік көрсетуші болсаң не білуің керек? Кейбір нәрселер сен үшін қызық,күлкілі болып көрінуі мүмкін бірақ ол әрекеттерің басқа адамның жан дүниесіне ауыр тиюі мүмкін.Әлімжеттік сенің болмысың емес,ол сенің теріс қылықтарың екенін түсін.Әлімжеттік үшін заң алдында жауаптылық бар екенін ұмытпа!

Егер біреудің әлімжеттік жасағанын көрсең не істеу керек?
Дереу айналадағы ересектерден көмек сұра! Әлімжеттіктен бірден бас тарт. Егер сенің досың әлімжеттікке тап болса онымен ашық сөйлесуге тырыс.
Себебі ол сенің көмегіңе өте мұқтаж!

Естеріңде болсын! Әлімжеттік-әлсіздің ісі

Егер сен зорлық-зомбылыққа ұшырасаң, онда отбасыңнаң, жақындарыңнаң, көршілеріңнең, мектеп педагогтарыңнаң, полиция қызметкерлеріңнең көмек сұра немесе 111 нөмеріне қоңырау шал.


«Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп,  абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына  байыппен қараңдар!  Жөні жоқ мейірбан жұмсақ болмаңдар! Өмір барда, жауыздық бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды.  Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер,  бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! деп Мұқағали  Мақатаев айтқандай САҚ БОЛЫҢДАР!
Саулық Сақтықта!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив