04
февраль
2022
Тұғырың биік болсын- Тәуелсіз Қазақстан" айдарында желтоқсан ардагерінің спорттық турнирі
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы.
Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына - 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан ата-бабаларымыздың аңсаған арманын желтоқсанның ызғары да, қатып калған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрып Тәуелсіздігімізге қол жеткізген желтоқсаншы жастарға бас иеміз! Сол желтоқсаншы ардагерлер біздің мектебімізде білім беріп,жас ұрпаққа патриоттық, ұлттық тәрбие беріп келеді. Олар Маулимова Сұлушаш Иманкуловна мен Пазылбеков Бақытжан Әліқұлұлы. Мектебімізде желтоқсан ардагерлері атындағы орта мектебінде 14-желтоқсан күні "Тұғырың биік болсын- Тәуелсіз Қазақстан" айдарында желтоқсан ардагері дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ПАЗЫЛБЕКОВ БАҚЫТЖАН ӘЛІҚҰЛҰЛЫНЫҢ құрметіне арналған волейбол ойынының турнирі жеті мектеп арасында болып өтті. Турнирге аудандық АӘД және дене тәрбиесі әдіскері Ерлан Есенғалиұлы,Республикалық желтоқсан "Ақиқат" қоғамының төрағасы Болат Құрымбаев Тоқтарбайұлы,облыстық желтоқсан "Ақиқат" қоғамының төрайымы Гулжамал Кенжеғалиева Сапарханқызы,мектеп директоры Г.Ж.Бегазова,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.С. Шаяхметова,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Манапбаев,мектеп кәсіподақ төрайымы Е.Өміртаева,дене шынықтыру пәні бойынша жетекші Темірбек Байсұлтан мен дене шынықтыру мұғалімдері қатысты. Турнир қызықты өтті. Турнир төрешісі Т.Байсұлтан төрелік етуімен ақтық ойында І орынды - М.Мәметова атындағы орта мектеп, ІІ орынды - Қаскелең жастар құрамасы , ІІІ орынды - Шамалған орта мектебі иеленіп, турнир кубогі табыс етілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастарға үлгі болатын шаралар жалғасын таппақ.