10
март
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Менің сүйікті ертегі кейіпкерлерім» тақырыбында өткізілген сурет көрмесі
М.Мәметова атындағы мектепте 22.02.2022 ж «Менің сүйікті ертегі кейіпкерлерім» айдарымен 1-4 сынып оқушыларын кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қызықты ертегілерінің кейіпкерлерін суретке салу ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің ертегілер кейіпкерлерін бейнесін келтіре отырып,ол ертегі туралы оқып,қызықты ұнаған жерлерін әңгімелей алды. «Тазша бала», «Бауырсақ», «Вини Пух», «Қызыл Телпек» «Толағай» тб ертегілердің кейіпкерлерін салған.Сурет арқылы оқушылардың кітап оқуға ынтасы артты.





