«2021-2022 оқу жылының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» » М.Маметова атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «2021-2022 оқу жылының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы»
15
май
2022

«2021-2022 оқу жылының орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2022 жылғы 20 сәуірдегі №159, «Алматы облысының білім басқармасы» ММ б.№549-н 22.04.2022 ж, «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім алушылырды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» б№ 244 25.04.2022 ж, мектепішілік № 64 бұйрықтарын басшылыққа ала отырып, орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы – 2022 жылғы 25 мамыр;
2) 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2022 жылғы 28 мамыр – 6 маусым аралығы;
3) 11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2022 жылғы 27 мамыр – 10 маусым аралығы.
2. Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) қазақ/орыс/ұйғыр/өзбек/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2022 жылғы 28 мамыр;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 31 мамыр;
3) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2022 жылғы 3 маусым;
4) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 6 маусым;
11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2022 жылғы 27 мамыр;
2) қазақ/орыс/ұйғыр/тәжік/өзбек тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2022 жылғы 2 маусым;
4) орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі және әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі және әдебиетінен жазбаша емтихан – 2022 жылғы 7 маусым;
5) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 10 маусым.





2021-2022 оқу жылында 9,11 сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандарына арнайы пәндердің өткізілу кестесі жасалынды. Сонымен қатар емтихан алушы ұстаздармен қатар ассистенттермен бекітілді.
[attachment=48]
[attachment=49]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив