14
октябрь
2022
Жас мамандар сенбілігі
2022-2023 оқу жылының ағымдағы жоспарына сәйкес Жас мамандардың сенбілігінде "ҚМЖ мен сабақты оқу мақсаттарының негізінде құрастыру" және "Қызықты әдіс-тәсілдер" тақырыбында жас мамандардың тәлімгері Жанат Құлахметовнаның басшылығыменен, ағылшын тілі мұғалімі әрі жас маман Багарам Мәдина Сәкенқызы өткізді. Сенбіліктің мақсаты сабақ барысында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдермен таныстырып, сабақты сапалы әрі қызықты жүргізуді меңгерту. Сонымен қатар, қысқа мерзімді жоспардың әр бөлігін мемлекеттік стандартқа сай құрастырылуы талқыланды. Сенбілік жоғарғы дәрежеде өттіп, өз мәртебиесіне жетті.








