23
январь
2023
Жас маман - алға бас қадам
Жыл сайын мектебімізде жас мамандар айлығы өткізу дәстүрге айналған. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. «Жас маман-алға бас қадам» тақырыбы аясында ұйымдастырылған үстіміздегі жылдың айлығы ерекше сән-салтанатпен басталды. Ұстаздық жолын жаңа бастаған жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау, заман талабына сай жаңашыл ұстаздың бет-бейнесін қалыптастыру мақсатында жоспарланған айлықтың бағдарламасы да өзгеше сарында жасалды. Білім ошағындағы 1 жылдан 3 жылға дейін 33 маманның қызмет етуіне байланысты бұл іс-шара «Жас маман- алға бас қадам» тақырыбы аясында өткізілетініне қызу қолдау көрсетіп, жақсы бастамаға белсене қатысты. Айлықтың көрігін қыздырған мектебіміздің 33 жас маман алдағы жоспарланған шараларды қызықты да тартымды өткізуге дайындыққа кірісіп те кетті.







