Соңғы қоңырау » М.Маметова атындағы орта мектеп
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"М.Маметова атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2020

Соңғы қоңырау

Құрметті ата-аналар,
Қадірлі ұстаздар,
Қымбатты білім алушылар!
Бүгінгі соңғы қоңырау мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!
Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя!
Биылғы соңғы қоңырау мерекесі жылдағыдан өзгеше, әйтсе де бұл күн баршаңызға қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып, тағы бір оқу жылын аяқтадыңыздар, баршамыз бір болып, барлық қиындықтарды еңсеріп шықтық.
Ұлы Абай «Тек қана - сана, ғылым, ерік және ұят адамның мәртебесін көтереді», - деген болатын. Осы ең биік жағымды және ерікті қасиеттердің іргетасы мектепте қаланады және алдағы өмірге деген талпыныс пен жетістіктерге жетелейтін де - осы мектеп қабырғасы.
Елімізде болып жатқан уақытша қиындықтарға мойымай, барлығымыз бір кісідей жұмылып, қиындықтарды еңсеріп келеміз! «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді аталарымыз. Осындай сын сағаттарда біздің мұғалімдеріміз де аянбай еңбек етіп, бар баланың білім алуына жұмыс жасаса, ата-аналар, сіздер де өз көмектеріңізді аяп қалмадыңыздар. Сіздерге мектеп әкімшілігі атынан, ұстаздар ұжымы атынан алғыс білдіремін! Келер оқу жылында да оқушыларымыз зейінді, білімді болып, биіктерден көрінеді деген ойдамын. Биылғы мектеп бітіруші жас түлектерге, ақ жол тілей отырып, барша өмір жолдарына сәттілік тілеймін.
Қалаған оқу орнынан грант иегері болып жалғастыру армандарың орындалсын! Білімді, білікті мамандары көп ел ғана мықты мемлекет бола алады!

















Уважаемые ученики, учителя, родители!

Поздравляю вас с окончанием учебного года!
25 мая это, как итог того, что нынешний учебный год уже закончен и впереди, прекрасная пора - каникулы. Все без исключения ждут этого дня.
Желаю успехов во всех начинаниях, удачи, счастья, исполнения всех ваших желаний!
Пусть летние дни подарят вам незабываемых впечатлений, ярких эмоций, зарядят бодростью и энергией на очередной учебный год.
Особую признательность хочу выразить педагогам за самоотверженный труд, профессионализм, преданность профессии и огромную любовь к детям.
Вашу роль в обучении и воспитании молодого поколения переоценить невозможно. Учитель не просто дает знания, а создает человеческий капитал Казахстана, внося весомый вклад в дальнейшее развитие и процветание нашей страны.
Выражаю искреннюю благодарность родителям. Вы воспитали достойную смену, вложив все свои душевные силы, терпение, заботу и любовь. Достижения детей станут для вас самой лучшей наградой, отрадой для родительского сердца.
Сегодня для выпускников одновременно радостный и грустный праздник. Впереди у вас очень ответственная пора – выбор будущего жизненного пути, который требует собранности, уверенности и сосредоточенности.
В добрый путь, выпускники! Новых открытий вам и новых побед!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив