«Мың бала» ұлттық олимпиада
«Мың бала» ұлттық олимпиадасы бойынша 6 сыныптар аралығында бүгін яғни 05.04.2023ж өтті. Жалпы мектеп бойынша 212 оқушы тіркелді. Барлық оқушылар мектепте және үйде тапсырды. «Мың бала» ұлттық олимпиадасы ауылдық жерлерде оқитын 6-сыныптың ең қабілетті 1000 оқушысын анықтап, оларға еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде білім алуға мүмкіндік береді.